Сіңбей қойған кепкен ми – тасқа мұңы

Сіңбей қойған кепкен ми – тасқа мұңы,
Абай –
Алаш ұлы емес –
Аспан ұлы!
…Кердең қағып бір жақтан біздің жаққа
Келе жатыр ішек-қарын Патшалығы!
Тұқымы аз туасы, шер – жетім ем,
Әуенімен жанымды тербетіп ем,
Сен қайдасың, Рухтың Патшалығы,
Қайда кетіп барасың Жер бетінен?!
Қайда сонда безініп ұштың менен,
Құтылмайтын құрсауға түстім бе мен?
…Ақын түгіл,
Адамзат үмбетіне,
Құлқын – Мырза қарап тұр мысқылменен.
 
 
 

АҚСҰҢҚАРҰЛЫ СЕРІК

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *