Алыстан естіп Алаштың қаңқыл қаз үнін,
Құлаққа құйып алсам деп жүріп қажыдым.
Шек-қарын болса елде егер, менде жүрек бар,
Ол – айтып жатты, мен – жазып жаттым
– жазығым.
Алаштың даусын ести де ести қажыдым,
Жарымның-дағы елемей қалып наз үнін.
Айтасың неге сырыңды жалғыз маған кеп,
Алашым менің, ат байлар алтын қазығым?
Қажыдым…
Қазағың көп қой, соларға жетсін қаз үнің.
Шек-қарын болса басқаңда, менде жүрек бар,
Ол – айтып жатты, мен – жазып жаттым
– жазығым,
Қажыдым…
АҚСҰҢҚАРҰЛЫ СЕРІК