БОЗЖІГІТ -ғашықтық дастан. Мазмұны жағынан Шығыс елдері дастандарына ұқсас. Ең көне нұсқасы 1842 ж. жазылып алынып,1870 ж. В.В. Радлов жинағында жарияланған. Мұнан кейін «Б.» Қазан,Орынбор. т.б. қалалардың баспаларынан 14 рет жеке кітап болып басылған. 1911 ж. қиссашыл ақын Ақылбек Сабалұлы «Б.» жырын өңдеп, Қазан қ-нда қайта шығарған. Жыр мен қара сөз аралас жазылған қисса түріндегі нұсқасымен қатар таза өлеңмен жазылған дастан түрі де кездеседі. Дастан қазақдаласына қолжазба түрінде ғана емес, ауызша да айтылып,кеңтараған. Дастанның қолжазба нұсқалары мен басылымдары Санкт-Петербург, Мәскеу, Қазан, Орынбор, Алматы қ-ларының кітапхана кррларында сақтаулы. Ескі қолжазбаларьшың бір нұсқасы Британия мұражайында сақталған. Халық ақыны И.Жылқайдаров «Б.» сюжеті негізінде 1940 ж. поэма жазған. Оның қолжазбасы Орт. ғыл. кітапхананың қолжазбалар қорында сақтаулы.