БОДАУБАЕВ Болат

БОДАУБАЕВ Болат -(26.3.1940 ж.т., Жамбыл обл. Шу ауд. Төле би а) -журналист, баспагер, жазушы. ҚазҰУ-ды бітірген (1963). 1962 -74 ж. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінің меншікті тілшісі, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, редактордың орынбасары,1974 -1976 ж. «Соц. Қазақстан» (қазіргі»Егемен Казақстан»)газетінде бөлім меңгерушісі,1976 -84 ж. партиялық қызметте, 1984 -86 ж. «Жалын» баспасының директоры, 1986 -96 ж. «Қазақстан» кітап саудасы бірлестігінің бас директоры. Баспасөз және бұқаралық ақпарат мин-нің Кітап шығару және тарату жөніндегі бас басқармасының бастығы. «Заман Қазақстан» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. 1996 жылдан ҚР Парламенті Сенатының редакциялық-баспа бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. Бірнеше кітаптың авторы. Орыс балалар жазушысы Н.Носовтың «Дымбілмес пен достарының хикаялары»,»Дымбілмес Күн қаласында», «Дымбілместің Айға саяхаты» ертегі-романдарын, Юз. Алешковскийдің «Кіш, Қоспортфель және бір аптадағы оқиғалар»,»Кіш екеуміз Қырымдамыз» повестерін қазақ тіліне аударған. «ҚР тәуелсіздігінің 10 жылдығы»мерекелік медальмен, Қазақстан Жоғ. Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

Один комментарий к “БОДАУБАЕВ Болат”

  1. «Кіш, Қоспортфель және бір аптадағы оқиғалар»,»Кіш екеуміз Қырымдамыз» деген кітапты 2005-те оқып едім. Соны қайдан табуға болады?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *