БИЛЕР САЙЫСЫ билердің дау-дамай мен билік үстінде айтатын ұтқыр сөздері. Б. с. терминін алғаш рет М.Әуезов «Әдебиет тарихы» зертгеу еңбектерінде (1927) арнайы әңгіме етіп. ғыл. айналымға енгізді. Ғалым Б. с-ның шығу төркіні мен таралуын сөз ете отырып, оны төрт түрге жіктейді: 1. дау мен билікті қоса айтқан Б. с. Бұған Бұқар жыраудың «Керей, қайда барасың?» деген арнауын жатқызады; 2. екі бидің әділ билікке таласып айтқан сөздері. Бұл ретге Ақтайлақ бидің Бопы төремен Б. с. үлгі етіледі; 3. жұмбақпен,тұспалмен айтылған Б. с. Мұның мысалы ретінде Қарамеңде мен Кеңгірбай Б. с. сөз болады; 4. жамандап яки мақтап айтатын сөздер. Б. с-ның бұл түрі ретінде Сабырбай ақынның Солтабай төреге айтқан арнау сөзін мысал етеді. Б. с. кезінде билікке түсуші екі жақтың бірдей сөз сайысуы шарт емес. кейде билік бір ғана жақтан даайтылады.