БЕРДІБАЕВ Рахманқұл (2.12.1927 ж.т.. Оңт. Қазақстан обл. Түркістанауд. Ихан кенті,Көкіш а.) ғалым, филол. ғыл. докт. ( 1970),проф. (1983),Қазақстанның еңб. сің. ғыл. қайраткері (1983), Қазақстанға еңб. сід. мәдениет кайраткері ( 1992),Қазақстан ҰҒА-ның академигі (2003),Қызылорда пед. ин-тын (1949). ҚазҰУ-дың аспирантурасын (1955) бітірген. Оңт. Қазақстан обл. Жетісай, Түркістан аудандарында орта мектептерде директор,ауд. оқу бөлімінің инспекторы (1949-53),»Қазақ әдебиеті» газетінде әдеби қызметкер,бөлім меңгерушісі (1955 -58). Әдебиет және өнер ин-тында ғыл. қызметкер (1959 -68),» Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясында жауапты хатшы (1968-70), Әдебиет және өнер ин-нда ғыл. қызметкер,бөлім меңгерушісі (1970-95) қызметтерін атқарған. 1995 жылдан Халықар. қазақ-түрік ун-тінде кафедра меңгерушісі. «Қазақ фольклористикасының тарихы»еңбегі үшін Ш.Уәлиханов атынд. бірінші дәрежелі сыйл. берілген. Ғалымның «Байқалдан Балқанға дейін» (1996) еңбегі үшін 1998 ж. «Түрік дүниесіне қызмет» халықар. сыйл., «Эпос ел қазынасы» монографиясы үшін 1998 ж. М.Қашқари атынд. халықар. сыйл. берілді. 6 томдық»Қазақәдебиетініңтарихын» жазуға қатысқан. «Парасат» орденімен (1998),»Еңбектегі ерлігі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен, Қазақстан Жоғ. Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.