БЕКХОЖИН Хайыржан Нұрғожаұлы

БЕКХОЖИН Хайыржан Нұрғожаұлы (25.12.1910, Павлодарқ. -3.1. 1979. Алматы) -ғалым,тарих ғыл. докт. (1965),проф. (1976). ҚазҰУ-ды бітірген (1942). Журналистік қызметін 1929 ж. Павлодар округтік «Кеңес туы», ауд. «Колхоз» газеттерінде бастаған. 1935 -39 ж. Семей обл. «Екпінді» газетінде қызметкер. 1942 -45 ж. Қостанай обл. «Большевиктік жол» газетінің редакторы. 1945 -79 ж. ҚазҰУ-дың журналистика ф-тінің аға оқытушысы, деканы. кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған. 60-тан астам ғыл. мақала мен «Қазақ баспасөзінің даму жолдары (1860 -1930 жылдар)»монографиясының авторы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *