БЕКТҰРСЫНҰЛЫ Камардин (К.Бекұлы). (20.12.1937. Оңт. Қазақстан обл. Ордабасы ауд. Шұбар а. -18.11.2003. сонда) -«ақын. Шымкент пед. ин-тын бітірген (1966). 1957 -61 ж. Шұбар а-нда клуб меңгерушісі және комсомол ұйымының жетекшісі болған. 1961 -64 ж. орта мектепте мұғалім. 1965 -90 ж. Шұбар кәсіптік-техн. уч-сінде оқытушы,1990 жылдан ғұмырының соңынадейін Ордабасы ауд. «Қазақ тілі қоғамы» ұйымының төрағасы қызметтерін атқарған. Алғашқы өлеңдері 1956 жылдан обл. «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жариялана бастады. 1960 ж. өлеңдері «Оңтүстік өңірінде» ұжымдық жинағына енген. Тұңғыш жинағы «Үміт сапары» 1975 ж. жарық көрді. «Бір сыр бар» (1996),»Мың бір ой» (2001),»Амалбекке арналған»,»Зерлі досқа шерлі сыр»,»Әкеммен әңгіме», «Қай ауылда жүрсің сен?» (2003),т.б. жыр жинақтары шыққан.