БЕКТҰРОВ Жайық (15.10.1912,Ақмола обл. Целиноград ауд. Қызылағаша. -26.3.1998. Қарағанды қ.) -жазушы,аудармашы. Алматыдағы Жоғары коммунистік а. ш. мектебін (1934). ҚазҰУ-ды (1955) бітірген.1930 -31 ж. Қарағанды обл. Нұра ауд-нда мектепте мұғалім. 1934 -37 ж. Қазақ өлкелік. Оңт. Қазақстан обл.,Арыс,Мақтаарал ауд. комсомол ұжымдарында жауапты қызметтер атқарған. 1937-38 ж. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газеті редакторының орынбасары. 1937 -42ж. «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан» газетінде тілші, Жамбыл обл. «Еңбек туы» газетінде редактор болды. Кейін Қарағанды,Талдықорған қ-ларында
(1948 -50) мектепте мұғалім. обл. газеттерде тілші болып жұмыс істеген. 1958 жылдан ұзақ жыл Қазақстан Жазушылар одағының Қарағанды облысаралық бөлімшесін басқарды. Б-тың алғашқы әдеби сын мақалалары, эсселері,өлеңдері баспасөзде 1928 жылдан жариялана бастады. «Жол жоралғысы» (1977) кітабы жарық көрген. Ағылшын жазушысы Д.Дефоның «Робинзон Крузо»,орыс жазушылары А.Чапыгиннің «Степан Разин» романдарын,Л.Пантелеевтің әңгімелер жинағын,сондай-ақ. Д.Львович, Ш.Петефи,Г.Серебрякова,Я.Гашек шығармаларын қазақ тіліне аударған. Қазақзиялылары туралы жазылған естеліктер, әдеби портретгер жинағы басылып шықты.