БЕКОВ Орынбек (1898, Шығ. Қазақстан обл. -1937) -жазушы, драматург,қоғам қайраткері. Спасскідегі 2 сыныптықуч-щені бітірген (1912). 1914-22 ж.Спасскіревкомы мен Совдепінің төрағасы,РКП(б) ауд. к-тінің хатшысы,1923 -28 ж. Қарқаралы уездік милициясының бастығы,Семей губ. атқару к-тінің бөлім меңгерушісі. Еңбек халкомының жауапты қызметкері болған. 1928 ж. «Тілші» газетінің редакторы. 1930 -37 ж. Қазақ драма театрының директоры қызметтерін атқарған. Б-тың әңгімелері мен өлеңдері респ. газеттер мен «Жаңа әдебиет» журналында жарияланып тұрған. «Ұлы жолға бір қасық қан» (1926), «Азамат соғысындабіз қалай жеңіп шықтық», «Ауылды кеңестендіру деген не?» (1928) кітаптары, «Ұлы істің игілігі үшін» (1928) публицистикалық мақаласы, «Советбике» (1931) повесі жарық көрген. М.Әуезовпен бірге Қазақстан жазушыларының 1-съезінде қазақ драматургиясы туралы баяндама жасаған.