БЕКМЕТОВ Мұхаммед-Мақсұт Хамидоллаұлы (1883. бұрынғы Семей обл. Қарқаралы уезі -9.2.1912.Орынбор қ.) -қоғам қайраткері, публицист. Қарқаралы мен Омбыда білім алған. 1900 -06 ж. Омбы почта-телеграф кеңсесінде қызметін атқарған. Елін азаттыққа шақырған іс-әрекеті үшін 1906 ж. тұтқындалып, Қазан қ-на жер аударылады. Осы кезден өмірінің соңына дейін бақылауда болады. 1909 ж. Санкт-Петербургте шығатын «Речь» газетінде Семей түрмесінде азап шеккен А.Байтұрсыновқа бостандық берілуін талап еткен мақаласы басылады. Сол жылы Қазан қ-нда «Қазақ өлеңдері» атты жинағы жарық көрген.