БӘДІК ЖЫРЛАРЫ

БӘДІК ЖЫРЛАРЫ — тұрмыс-салтжырларының бір түрі. Алғашқыда ауру адамды немесе малды емдеу мақсатында айтылған. Себебі, бақсы-балгерлік нанымға байланысты халық әр аурудың «иесі» бар деп түсінген. Б. ж. «көш-көш» деп басталып, «көш-көш» деп аяқталады. «Асқар-асқар тауға көш,ағыны қатты суға көш, айнала соққан желге көш, иесіз қалған жұртқа көш» деп ауру адамның дертін өлеңмен арбап, қуып шығуға тырысқан. Ең соңында жұрт орындарынан тез түрып,етек-жеңін қағып,»біз де көштік бәдік, сен де көш» деп, ауруды етектерімен ұшықтап тарасқан. Б. ж. әдетте кешке қарай, іңір қараңғысында орындалған. Бірте-бірте Б. ж. -ын қыздар мен жігіттер тобы болып бөліп айту салты шыққан. Кейін Б. ж. атқаратын міндеті түбірімен өзгеріске ұшырап,жастардың сол сылтаумен бас қосып, көңіл көтеретін сауығына айналған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *