БАЯНДИН Құттыбек

БАЯНДИН Құттыбек (17.7.1937, Алматы обл. Үйгентас ауд.Қоғалыа. -29.5.2004, Алматы) -жазушы, драматург. ҚазҰУ-ды бітірген (1966). Бұрынғы Семей, Талдықорған облыстарының «Семей таңы»,»Октябрь туы» газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, Талдықорған обл. партия к-нде нұсқаушы, 1982 жылдан «Қайнар», «Жалын», «Балауса», «Рауан» баспаларында редактор,Қазақстан Баспа, полиграфия және сауда істері жөніндегі к-інде бөлім бастығы қызметтерін атқарған. «Жолың болсын, Жұлдыз», «Жаңғырық», «Күткен күн», «Кімсің сен?» атгы драмалық шығармалары обл. театр сахналарында қойылған. «Нар тұлға» деректі романы (1966),»Ғылым тарланы» деректі романы (2001) жарық көрген. Орыс жазушылары Э.Успенскийдің «Қолтырауын Гена және басқалар» әңгімелер жинағын қазақтіліне аударған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *