БАЯЗИТОВ Саид Мақсұтұлы (1929. Қызылорда обл. Сырдария ауд. -1981) -жазушы. Қызылорда пед. ин-тын (қазіргі Қызылорда гуманитарлық университеті) бітірген (1953). 1953 -57 ж. аудавдық орта мектепте мұғалім, 1957 -61 ж. Қазақстан Жазушылар одағының Қызылордадағы облысаралық бөлімшесінің әдеби кеңесшісі, 1961 -63 ж. Мәскеудегі жоғары әдебиет курсының тындаушысы. Алғашқы әңгімелер жинағы «Күтпеген кездесу» 1954 ж. жарық көрген.»Арал Робинзондары» (1956),»Бала қалам» (1959),»Тюлпандар гүл шашқанда» (1960), «Алтын кілт» (1976), «Хрустальалқалар» (1965),»Айдарлыдағы кездесу» (1967),т.б. шығармалардың авторы.