БАТЫРЛЫҚ ЖЫРЛАР, б а т ы р л а р ж ы р ы — ауыз әдебиетіндегі ең бай да көне жанрлардың бірі. Қаһармандық эпос дептеаталады. Б. ж. халық өмірінің тұтас бір дәуірін жан-жақты қамти отырып,сол тарихи кезеңдегі батырлардың сыртқы жауларға қарсы ерлік күресін, ел ішіндегіәлеум. қайшылықтар мен тартыстарды бейнелеп береді. Бірақ онда тарихи оқиғалар тізбегі өмірде болған қалпындаемес, жырдың көркемдік шешіміне лайықты өріледі. Бас кейіпкердің жүріс-тұрысына,өзге елге ерлік сапарға шығуына және өз елін жаудан азат етуіне байланысты оқиғалар бір қаһарманның маңына топталып,соның бейнесін ашуға қызмет етеді. Эпос желісі белгілі бір тарихи дәуірге табан тіреп, соны көрсетіп отырғанымен, көбінесе,түрлі заманның оқиғаларын бір қаһарманға теліп жырлап беру жиі кездесетін құбылыс. Б. ж. -ең алдымен көркем шығарма. Ол өзінің жанрлық нысанасына қарай шындықты өзінше қорытып,оны өзінің көркемдік өзгешелігіне қарай өріп отыратыны даусыз. Эпостық жырлар адамзат қоғамының тарихи даму үрдістерімен бірге жасап ке-леді. Қазақ эпосын пайда болған дәуіріне қарай топтастыру үлгісін Ш. Уәлиханов, Г. Потанин, В. Радлов, Ә.Диваев, А, Байтцрсынов зерттеулерінің тәжірибесіне сүйеніп Ә. Марғұлан ұсынған болатын. Ол эпосты бес салаға бөлсе,кейінен Ә. Қоңыратбаев эпосты он салаға бөледі. Б. ж-ды пайда болу кезеңдеріне қарай үш топқа жинақтауға болады: 1) «ең көне заманғы эпос», «ертегілік эпос»,»архаикалық эпос», «көне эпос»,»мемлекетке дейінгі эпос» дейтін атаулар ғылымда ежелгі дәуір менорта ғасырларда шыққан эпостық жырларды атау үшін қолданылып жүр. Бұлардың қатарына «Ергенеқон», «Аттилла», т.б. эпостық жырлар жатқызылады; 2) Түрік қағанаты,Оғыз хандығы, Алтын Орда, Ноғайлы дәуірі. Қазақ хандығы кезеңіндегі эпостар («Қорқыт Ата кітабы», «Алпамыс батыр», «Қамбар батыр», «Қобыланды батыр», «Ер Таргын», т.б.); 3) жаңа дәуір эпосы (тарихи жырлар, Он алтыншы жылғы ұлт-азаттық көтеріліске башанысты жырлар, «Еспенбет», «Өтеген», «Нарқыз», т.б.). Фольклордың өзге жанрларына қарағанда. Б. ж-дың көтерер жүгі анағұрлым үлкен. Халық тарихында орын алған оқиғалар мейлінше жинақталып, әрі іріктеліп суреттелумен бірге,олардың халық. мемлекет тағдырыңдағы шешуші мәніне де көңіл бөлінеді.