БАТА (араб. фатиха -алғыс,ризашылық,тілек) -әлем халықтарының баршасында дерлік кездесетін, адамзат қоғамы сөздің магиялық құдіретіне күмәнсіз сенген қадым заманда қалыптасқан көне дәстүр. Әуел баста басқа да түркі халықтарындағы сияқгы қазақ халқында да «алғыс» деп аталған тілекші сөздің «батамен» алмастырылуы ислам дінінің ықпалы арта түсуінің нәтижесі. Исламға дейінгі дәуірде алғыс немесе қарғыс айту даугер абыз, бақсылардың ғана еншісі болғанға ұқсайды. Кейінде де Б-ны кім көрінгеннен емес, елге сыйлы, абыройлы адам, ақсақалды қария беретін болған. Сондай-ақ, бұл жорамалдың дұрыстығын бертінге дейін қазақ ішінде «қарғысшы» деп аталатын, дау-шар үстінде қарғыс айтуға арнайы отырғызылатын адамдардың болғаны да дәлелдейді. Б. қазақ фольклорының дербес, шағын жанры ретінде қарастырылады. Ұйқасты, ырғақты болып келетін, тұрақты образдарға негізделетін Б. халқымыздың жақсылық пен жамандық, адалдық пен арамдық, обал-сауап турасындағы моральдық-этикалық түсініктерінің айғағы іспетті. Б. қысылғанда -қуат, қиналғанда -медет беріп, әрбір іс-әрекетіңе даңғыл жол ашып, бәле-жаладан қорғайды деп есептелген. Б. көзі тірілерге ғана емес, аруақтарға да жасалған. Б. бір-екі ауызтілектүріндеде бірнеше шумақ өлең түрінде де кездеседі. Б. е р г е, жауынгерге берілетін Б., астан соңғы Б., қыз, келінге берілетін Б.,жас отауға берілетін Б., т.с.с. болып жіктеледі. Мағыналық тұрғыда екі түрге бөлінеді:ақ (оң) Б(алғыс),теріс Б. (қарғыс). Қазақ халқының Б. сөз үлгілеріне В.Радлов, Ш.Уәлиханов, А. Васильев, Г. Потанин, т.б. зерттеушілер назар аударып, жинап жариялаған.