БАСЫЛЫМ-әдеби шығарманың жарықкөрген нұсқасы. Бірнеше рет жарық көрген шығарманың әр Б-ның мәтінінде азды-көптіайырмаболуы ықтимал. Сондықтан, шығарманы зерттегенде оның алғашқы және кейінгі Б-дарын салыстырады. Бұрынғы Б-дарды білу,салыстыра тексеру, әсіресе,текстологиялық зерттеу жүргізу үшін қажет. Мыс., Абай шығармаларының 1909 ж. Петербургте, 1916ж. Орынборда,1922 ж. Ташкентте,1933 ж. Қызылордада,1939 -40,1945, 1954, 1957, 1977,1995 жылдары Алматыда шыққан басылымдары бар. Осылардың бірінде жоқдеректі бірінен табуға болады. Немесе, М.Әуезов шығармаларының көптеген жеке басылымдарын былай қойғанда, 12 томдық жинағы,кейінгі 20 томдық,50 томдық жинақтары бар. Осындай Б-дардың ішінде алғашқы Б-ның орны бөлек. Жаңалығы, дәлелді өзгертулеріболса, кейінгі Б-дар да өзінше құнды болады. Жазушы шығармаларының ғылыми Б-дары арнайы текстологиялық зерттеулер негізінде дайындалып жарық көреді. Сонымен бірге ғыл. Б-да әр түрлі түсініктемелер,қосымша деректер, материалдар толығырақ қамтылады.