БАЛҚЫБЕК Әмірхан (19.5.1969 ж.т., Оңт. Қазақстан обл. Жетісай ауд.) -ақын. ҚазҰУ-ды бітірген (1995). 1989 -90 ж. Шардара ауд. «Өскен өңір» газетінде тілші. 1995 -2000 ж. «Парасат» журналында,»Жас Алаш»,»Ана тілі» газеттерінде тілші, 2000 -2004 ж. «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. Қазір «Жас қазақ» газетінде бөлім редакторы. Өлең топтамалары «Ауылдан ұшқан аққулар»,»Толқыннан толқын туады»,»Жас ақындар поэзиясыныңантологиясы» ұжымдық жинақтарына енген. «Метаморфоза» (1996),»Сынған сәуленің шағылысуы» (2001) жыр жинақтарының авторы. 1997,1998 жылдардағы ҚР Президенті стипендиясының иегері.