ТОЙ ӘНІ

Орындайтын: Елдосұлы Айдос

Тойға келген ағалар мен апалар,
Құда-жекжат , әже менен аталар.
Ән мен жырға би-билейік бәріміз,
Шаттанады ойнап жүрген балалар.

Қайырмасы:
Көкшетаудың тойы бүгін бітпесін,
Қоя алмайды ешкім және нүктесін.
Тарқамаңдар, ән шырқайық бәріміз!
Құдашалар жалғыз қалып күтпесін.


Салт-дәстүрі қазақтың тойдың сәні,
Үлкендердің ақылы тойдың мәні.
Қымызына қызарған қонақтарым,
Би-билесін ортада бүгін бәрі…


Қайырмасы:
Көкшетаудың тойы бүгін бітпесін,
Қоя алмайды ешкім және нүктесін.
Тарқамаңдар, ән шырқайық бәріміз!
Құдашалар жалғыз қалып күтпесін.

Тойдың жыры көкке қарай самғасын,
Ағайындар шат-шадыман болғасын.
Осы тойда сый құрметті жасаңдар!
Ертеңгіге өкпе-реніш қалмасын!


Қайырмасы:
Көкшетаудың тойы бүгін бітпесін,
Қоя алмайды ешкім және нүктесін.
Тарқамаңдар, ән шырқайық бәріміз!
Құдашалар жалғыз қалып күтпесін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *