БАҚЫРҒАНИ Сүлеймен Хакім ата

БАҚЫРҒАНИ Сүлеймен Хакім ата, Сүлеймен ата,Бақырғани ата, Хакім Сүлеймен (12 ғ-дың 2-жартысында өмір сүрген. Арал теңізіне таяу, Қарақалпақ жеріндегі Қоңырат қ-ның маңында туған)-қыпшақ дәуіріндегі ақын, ғалым. Оның әдебиетте жиі кездесетін аттары: Хаким ата, Сүлеймен ата, Бақырғани ата, Хаким Сүлеймен. Б. Қожа Ахмет Иасауидің шәкірті болған. Түркістан, Сайрам, Үргеніш қалаларында білім алған. Аңыз бойынша Б-дың күмбезі 40 жыл бойы су астында қалған. Шығысты зерттеуші К.Г. Зельман ол аңыздың шығуына 1221 жылғы моңғолдар шапқыншылығы әсер еткен дейді. Б-дың негізгі шығармасы -қыпшақ тілінде жазылған «Бақыргани кітабы» өлеңдер жинағы. Ол жинақта Сырдария бойы мен Қаратаудағы рулардың тарихынан мәліметтер берілген. Кітап 1846 жылдан бастап Қазан қ-нда бірнеше рет басылып шықты. Б-дың «Хаким ата», «Хазрет Мариям»,»Ақыр заман» атты кітаптары да бар. Соңғы екі кітаптың мазмұнында дін,сопылық,мінажат сарыны басым келеді. Б-дың еңбектерінде өз заманындағы тарихи оқиғаларды,әдеби ғұрыпты баяндайтын көп мәліметтер бар. қ. «Бақырғани кітабы».

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *