БАҚТЫГЕРЕЕВА Ақұштап (23.8. 1944 ж.т.. Бат. Қазақстан обл. Ақжайық ауд. Ақжайықа.) -ақын. Қазақ мемл. қыздар пед. ин-тын бітірген (1966). 1966 -71 ж. Орал обл. «Орал өңірі» газетінде тілші, Талдықорған обл. «Октябрь туы» газетінде тілші,»Қазақ әдебиеті» газетінде әдеби қызметкер, 1971 -72 ж. «Қазақфильм» киностудиясында редактор, 1972 -75 ж. «Жұлдыз» журналында әдеби қызметкер,1975 -81 ж. «Жазушы» баспасында редактор қызметтерін атқарған. 1981 жылдан шығарм. жұмыста, Тұңғыш өлеңдер жинағы -«Өрімтал» 1967 ж. жарық көрді. «Наз» (1969),»Қанышым -іңкәрім» (1976), «Сені ойлаймын» (1973),»Ақ қанат» (1975),»Бақытәні» (1978),»Жайық қызы» (1980),»Белокрылая» (1981),»Ақжелең» (1985), «Сүмбіле» (1990) атты кітаптары бар. 2001 ж. «Ақ шағала» жыр жинақтарының авторы. С.Капутикян, В.Тушнова. А.Ахматова шығармаларын қазақ тіліне аударған. Көптеген ән мәтіндерінің авторы. «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығы» медалімен марапатталған.