БАҚТЫБАЙ Жолбарысұлы (1842. Алматы обл. Текелі ауд. -1902, сонда) -айтыс ақыны. 1886 ж. шамасында Аламан жайлауында Тезек төремен айтысады. Б. Сүйінбай мен Бөлтірік шешеннен кейін Тезек төренің мінін бетіне айтқан бес ақынның бірі. Сүйінбай, Құлмамбет, Әсет, Арыстан, Жамбыл, Жүсіпбек қожа, Мәйек, Бейімбет, Меңлібай, Кербике, Қыпшақбай сынды ақындармен өнер сайысына түсіп, «Мың бір түн», т.б. қисса-дастандарды жырлаған. Ел аузында тек «Едіге -Нұран» жыры ғана сақталған. Туындылары «Замана бұлбұлдары» (1975),»Бес ғасыр жырлайды» (1989), «Айтыс» (1965),»Жамбыл Жабаев» (2 томдық шығ. жин., 1982) жинақтарында жарияланған. Шығармалары «Жеңіл қобыз» (1987) деген атпен жеке кітап болып шықты. Өмірі мен шығарм-ғы туралы зерттеулер «Айтыстың даму жолдары» (М.Жармұхамедов. 1976). «XX ғасырдағы қазақ ақындары» (1988),»Казақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы» (4-т„ 1985),кітаптарында қарастырылған. Б-дың төл шығармалары Әдебиет және өнер и-ты қолжазба және мәтінтану бөлімі мен Орт. ғыл кітапхана қорында сақтаулы.