БАҚИЕВ Мұңлық

БАҚИЕВ Мұңлық (15.4.1932,Алматы обл. Ұйғыр ауд. Кіші дихана. -1986. Алматы) -жазушы. ҚазҰПУ-ды бітірген (1957). 1957 -66 ж. орта мектепте мұғалім, 1966 жылдан өмірінің соңына дейін «Мектеп» баспасында редактор, аға редактор,ұйғыртілінде шығатын «Коммунизм туғи» газетінде аудармашы болған. Алғашқы әңгімесі баспасөз беттерінде 1959 ж. жарияланған. Кейбір әңгімелері Мәскеуде шығатын «Утренний ветерок» жинағына енген. «Бір жаз, бір қыс» пьесасы 1979 жылдан респ. ұйғыр театры сахнасында қойылып келеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *