Аузын ашса

Аузын ашса –
Өзегінен өлең төккен шәйірді,
Цивилизация домбырадан айырды.
Алматыға келген жандай шет елден,
«Қазақпын» деп кіре кеуде көтерген,
Өлеңдетіп сәлемдескен деседі,
Тіпті, декан Қожакеев көкеңмен.
«Мынау келе қырмай кетсе – жарады…»
Көкем оған ала көзбен қарады.
…Қаратаудан жылан көшті сол жылы,
Алатаудан жасын ойнап барады.
«Мұқағали қайда?!» – депті… Ел мұны –
Түсіне ме, о да ақылдың кемдігі.
Қадағаңды оқымаған, оқыса –
Оның бұлай сөйлемесі белгілі.
 
 
 

АҚСҰҢҚАРҰЛЫ СЕРІК

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *