Сайтан сынды сап-сары екен әлгі сұм,
Шыршаны да сап-сары қып жіберді…
Қайтем мына опасы жоқ дүниеңді,
Бұ дүниеде қайтып ғұмыр сүрмен-ді.
Сары шырша қап-қара боп бір сәтте,
Қараорманым көз алдымда күңіренді.
Бүгін күңгірт күндегіден Ай да бір,
Тау тағысы таудан безіп, сайда жүр.
Қараорманы күңіреніп жатқанда,
Қалың қазақ қайда бұл?!
Жасыл шырша жан ұшырап жапанда,
Фәниінен көшті бақи сапарға.
…Әшейінде бізден өткен қайырымды,
Һәм біздердей қатыгез жоқ жаһанда
АҚСҰҢҚАРҰЛЫ СЕРІК