Балқашта Шашубайша сен шырқасаң

Балқашта Шашубайша сен шырқасаң
Ақсораң естиді оны алдыменен!
Кел, шырқа, көлден көктей, ойдан салып,
Ойыңнан – ел-жұрт кетпей, бойдан – шабыт.
Ойланып Ойрантау тұр бұлтқа кіріп,
Жаманға жүрген жан жоқ ойран салып.
Жақсымен жүрген жан жоқ сайран салып

АҚСҰҢҚАРҰЛЫ СЕРІК

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *