Дегендей-ақ: «көгіндегі күшті – мен!

Дегендей-ақ: «көгіндегі күшті – мен!
Кіжініп ап реактивті – құс кілең –
қалтыратып жапырақты… жаныңды
Ұшқан кезде жасыл жердің үстімен…
Айқай салам қарап шулы аспанға:
– Уа, Адам, ұлымын деп мастанба,
бомбаны ойлап таптың рас… Мәңгіріп –
жүрсің енді көгершінді ән қылып.
Көбелек пен, бірақ қызыл қоңызды
ойлап таба алмайсыңдар мәңгілік!
* * *
Телефоннан күнде күтем даусыңды,
Күнде күтіп өткіздім бұл маусымды;
Телефоннан күнде күтіп даусыңды,
Май шам сынды қысқа ғұмыр таусылды.
Сен бе десем ақыл-естен ауысып,
О, сұмдық-ай, басқа әйелдің дауысы!
Телефоннан күнде күтем үніңді,
Айды күтем, шығарып сап Күнімді.
Телефоннан күнде күтіп үніңді,
Өмір – дауыл соққандай боп бүлінді.
Ғұмыр бойы күнімен де, түнімен,
Жан түршікті жат әйелдің үнінен.
Телефоннан күнде күтем күлкіңді,
Мен күлкісіз өткіздім ғой бұл күнді.
Телефоннан күнде күтіп күлкіңді,
Мұңға батып бара жатам бір түрлі.
Болмысы да бөлек сенен, түр-түсі,
Миды ашытты-ау осы әйелдің күлкісі.
 
 
 

АҚСҰҢҚАРҰЛЫ СЕРІК

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *