Қойшы жаным

Қойшы жаным,
Һауа Анаң жыламаған,
Жылатпайтын күш берген жылан оған.
Адам Ата шыдаған абдырамай.
Һауа Ананың өзі ғой шыдамаған.
Періштелер – аспанда.
Жерде – пенде,
Көк сұрланды, нөсерін селдетер ме?
Күн тұлданды шатырлап нажағайы,
О да біздей ішінен шерлі екен де.
Жер үсті – лас,
Кінә көп, – күнә-дағы,
Шыдағаны сап болды – зіл алаңы:
Бізді көріп аспаннан ашуланып,
Мұнысы не, Алланың жылағаны?
Неге бүгін жер мен көк ашуланды,
Асылдарды лақтырып, жасындарды.
Көк пен жерді суарып нөпір нөсер,
Көк шалғында сенің көз жасың қалды…
Қойшы, жаным,
Һауа Анаң жыламаған,
Жылама деп айтты ма жылан оған?
Көк нөсерден көгеріп көк пен егін,
…Көз жасынан жаралған – күнәлі адам,
Қойшы, жаным,
Һауа анаң жыламаған…
 
 
 

АҚСҰҢҚАРҰЛЫ СЕРІК

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *