АНКЕТА

– Аты жөнің?
Кімсің сен?
– Мен.
– Туған жылың?
Қашан жерде қанат қақты тірлігің?
– Әкем менен анамның
сүйген күні
бір-бірін…
– Шыққан тегің?
– Далам – дана.
– Туысың бар ма?
– Бар, – Анам ғана.
– Аты кім оның, бала?
– Мама.
– Ол мұңлық не істеп жүр сабылып?
– Күтеді біреуді сағынып…
– Сотталдың ба?
– Бірнеше жыл
Өзіме өзім
болып едім тұтқында:
Сол зынданнан шықпадым ба,
шықтым ба…
– Туысың бар ма шет елде?
Неге үндемейсің, көкем?
– Бар:
Әкем…
Бір солдаттың тұяғы едім.
Шерлі ем – мен:
1945-те жат өлкеде жерленген.
Шет елдегі туысым – сол.
Жырақта.
Хат жазбайды бірақ та…
 
 
 

АҚСҰҢҚАРҰЛЫ СЕРІК

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *