Жамантай хан жауы емес пе Кеңестің?!

Жамантай хан жауы емес пе Кеңестің?!
Мынау соның шақырып тұр басына!
Өші бардай өршеленіп тарихқа,
Хандық қайтып келетіндей ғайыптан,
Жамандаған Жамантай хан марқұмды,
Кім бұл десек – кәдуілгі Айыпхан…
Қалған қатып айта да алмай халық түк.
Айналасын әруағы жарық қып,
Бір аунады-ау қабірінен сол күні,
Жамантай хан жарықтық.
Шежіреден шер тарқатқан іш налып,
Әбекең тұр түсі қашып, сұстанып.
Отыз жеті… болса егер, о, сұмдық,
Осы қазір кетер ме еді ұсталып?!
Айекең тұр тісі тимей тісіне,
Елтай құсап мініп қаһар күшіне.
…Сталинді танымайтын Жамантай,
Түні бойы кіріп шықты түсіме…
 
 
 

АҚСҰҢҚАРҰЛЫ СЕРІК

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *