Ал, кәне, жалт қаратып есіл үнге

Ал, кәне, жалт қаратып есіл үнге,
Боздап тұр ең болмаса есігінде;
Осындай жаралы елдің, қаралы елдің,
Біздердей ұл жатады бесігінде!
* * *
Ұқсайтұғын археолог, ақынға,
Жүретұғын таста, таудың шатында –
Бір күні Әбең аупарткомның залында,
Айтып салды Жамантай хан хақында.
Ішінде көп шері менен асылы,
Мінбе мініп шабыты оның тасыды.
Машановтың шөбересі болған соң,
Тау менен тас болып алған машығы.
Таяқ жеген талай мәңгүрт соқырдан,
Кездері көп өкінген де, опынған.
Аупарткомның хатшылары үн-түнсіз,
Оның сөзін ұйып тыңдап отырған.
Жария заман,
Тоқтатар кім оны енді?
Жайып салсын тоз-тоз болған көнеңді.
Кенет залдан біреу атып тұрды да,
Жау көргендей «Аттан!» – сала жөнелді.
– Жолдастар-ау, келейік те ақылға,
Не боп барад…
Не болады жақында?
Аупарткомның кеңсесінде, керауыз
Неге айтады Жамантай хан хақында?
Партия деп басымды имей қасыма,
Мен де келдім пайғамбардың жасына.
 
 
 

АҚСҰҢҚАРҰЛЫ СЕРІК

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *