Баяғыша, кел, қырда жүгірейік,
Тауға шығып, тасына сүрінейік.
Ару біткен көзді арбап жүрсе-дағы
Аспан асты тұр әлі үңірейіп…
Сені іздеймін, сонда осы не тірлігім,
Шарлап шықтым жаһанның шетін бүгін.
Немерелі болғанша, басқа әйелді
Жырлап өткен Тұманбай секілдімін!
…Түнде ұйқысын бұзбаған, таңда – шырқын,
Елге – ішін бермеген, жанға – сыртын –
Гүлнисасын ғана тек сүйіп өткен,
Бағдаттың да арманы бар ма, шіркін.
АҚСҰҢҚАРҰЛЫ СЕРІК