Мынау өзі өңі ме, әлде, түс түге

Мынау өзі өңі ме, әлде, түс түге,
Аман сонда қара терге түсті де:
– Уа, Ассалаумағалейкум, аға! – деп
Кіріп келді «Ермековтің» үстіне!
Ректор болу неткен қиын іс еді,
Қаһарынан қар жауғандай түс-өңі:
– Уаға–лейкум–ассалам! – деп Айтыкен
Одан сайын кекірейе түседі.
Тылсым сырды түйіп жатқан іші көп,
Аман отыр терлеп-тепшіп кіші боп.
– Уа, отыр, қайдан жүрген баласың!
Дейді Айтыкен танымайтын кісі боп!
Осы емес пе құдайындай сенгені,
Шерлі Аманың одан сайын терледі.
– Қызыларайдан… Мәймаң деген кісінің
Баласы едім… Келдім сәлем бергелі…
 
 
 

АҚСҰҢҚАРҰЛЫ СЕРІК

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *