Тұншығып соның оттай құшағында
Құр сұлық жата бердік нені біліп?
Жыландай ирелеңдеп сайқал дене,
Сандалдық, жұртқа соны айтам неге?
Арбайды неше түрлі қылығымен,
Пендені пері қылған сайтан неме…
Өзектен өмір өтті жылып ағып,
Құлынның пәк көңілі, ділі қалып.
«Ім…» дедік, дүниенің сайтан білмес,
Сан қилы сайқалдығын біліп алып…
Бұзылған бұл ғаламның кескін – өңі,
Жатқан жоқ уайымдап ешкім оны,
…Шыңғырып бізді іздеген қос құлынның
Қиядан құлын даусы естіледі!
АҚСҰҢҚАРҰЛЫ СЕРІК