Запыран құсып заман тұр

Запыран құсып заман тұр,
Тексіз – өсер ұрығы.
Фермер болды Жаманқұл –
Надан болған ғұмыры.
Аяғын сап шідерге шіренеді, ой, Алла,
Тұқымында тігерге тұяғы жоқ-ты –
Содан ба?!
Әкесінің көзіндей.
Жан-тәнімен жақсыға дұшпан еді әкесі.
Тура – соның өзіндей!
Мыстан еді әкесі!
Бес ұл… қарыны тоғайып көрмей күндіз ақ таңда –
Мұрынынан боғы ағып, жалаң аяқ ақ қарда –
Жүруші еді қара боп жалғыз лақ көгенде.
Күлуші еді ел…
Жаманқұл күледі енді сол елге!
Семізін ап колхоздың, жұртқа қалды арығы.
Жарты-ақ жылда жампоздың шықты қозы қарыны…
Салпақ ауыз, кер надан, ол қайтеді обалды
…Сұлулар да енді оған жымыңдайтын боп алды.
Құндыз киді басына, құрым кисе анау жыл,
Кедей ауылдасына кердең-кердең қарап жүр.
Төске шауып, басқа өрлеп, Қызыларайды жерсінбей,
Құнанбайды қастерлеп… Абайды да менсінбей!
Бие етінен жиіркенді, құлын – көңіл хошына.
Қазағымның ертеңгі Рокфеллері осы ма?!
 
 
 

АҚСҰҢҚАРҰЛЫ СЕРІК

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *