КАРАСАРТОВ

– Марқұм!
Мына өмірге шыр-шыр етіп келіп ем,
Қара басты ғаламды-қасіреттің, селінен…
– Сен кім едің?
– Ұрпақпын, кезіп жүрген моланы.
– Ә… білемін сендерді, бала мылжың болады…
– Әке!
Таң ғап сенделем, жөніңді айтшы, мен – балаң?
– Тергеушімін – мен деген,
Сұрақ қойма сен маған!
– Ұрпақ Соты жөнінде айтшы, тергер сол әлі?
– Сот деген жоқ өмірде.
Жендет қана болады…
– Неге?!
– Сендей пақырға не айтсам екен?
Әрі жүр!
Сұрақ қойма сумаңдап, жауап бермен бәрібір!
– Қорқасың ба?!
– Күлкілі!
Білем ғой бұл ортаны,
Дір-дір етіп кірпігі
Бәрі менен қорқады!
– Үрейленіп мына жұрт не боп кеткен шетінен?
– Қорықпаса адамзат кетпей ме екен бетімен!
– Адамзатты қосатын үрей ме тек?
– Енді не?!
Шәкәрімдер секілді шатып кеттің сен, міне!
– Шәкәрім кім?!
 
 
 

АҚСҰҢҚАРҰЛЫ СЕРІК

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *