БАЙСЕРКЕҰЛЫ Маман

БАЙСЕРКЕҰЛЫ Маман (13.2.1937 ж.т., Алматы обл. Алакөл ауд. Бостандық а.) -режиссер,драматург. Қазақстанның еңб. сің. мәдениет қайраткері (1970),Қазақстан халық артисі (1998), проф. (1994). Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген (1964). 1964 -65 ж. Атырау обл. қазақ драма театрында,1965 -70 ж. Қызылорда обл. қазақ муз. драма театрында бас режиссер,1970 -72 ж. Мәскеу көркем акад. театрында тәжірибе жинақтаған. 1972 -76 ж. Жамбыл обл. қазақ драма театрында. 1976 -81 ж. Қазақ акад. Жастар мен балалар театрында,1981 -83 ж. Респ. корей драма театрында бас режиссер болып қызмет атқарған. 1983 жылдан Қазақ ұлттық өнер академиясының проф. Ол қойған В.С. Вишневскийдің «Оптимистік трагедия» (Қазақстан Комсомолы сыйл. 1968), А.Штейннің «Толас», Ян. Соловичтің «Түлен түрткен тіленші», С.Шаймерденовтің «Әнім сен едің»,Ғ. Мүсіреповтің «Қазақ солдаты», У.Шекспирдің Тамлет», т.б. спектакльдер көрерменнің ықыласына ие болған. Б. қазақ театр өнерітарихында бірінші рет бір спектакльді екі кешке бөліп қойып,М.Шолоховтың «Тынық Дон» трилогиясының Т.Әлімқұлов аударған сахналық нұсқасын Жамбыл обл. драма театрының сахнасына шығарды. «Түлен түрткен тіленші» атты аударма пьесалар жинағының,»Қолтаңба және қойылым»,»Сахна және актер» кітаптарының,»Абылай ханның ақырғы күндері», «Кек қылышы -Кенесары», «Кене хан» пьесаларының авторы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *