БАЙМҮХАМЕДОВ Нығмет (1904. Орал обл. Жымпиты ауд. No1 а -1969. Алматы) -драматург. Орал пед. техникумын (1927). ҚазҰПУ-ды бітірген. Кәсіподақ ұйымында,Қазақ академиялық опера және балет театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі. Құрманғазы атынд. өнер ин-тының әдеби редакторы қызметтерін атқарған. Б-тыңалғашқы шығармасы «Атыс» пьесасы (1937), кейін «Еңбек ері» (1939),»Әсия тастар» (1949),т.б. пьесалар жазды. Б. шетелдік «Ромео және Джульетта», «Шие бағы», «Евгений Онегин», «Демон», «Қарғаның мәткесі», «Чио-Чио-Сан»,»Даиси», т.б. опералардың либреттоларын қазақ тіліне аударған. «Ұлы Отан соғысы кезіндегі еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған.