БАЙМЕНОВ Сағынгерей Зұлханұлы (15.2.1947 ж.т.,Астрахан обл. Володар ауд. Мултан с.) -ақын, аудармашы. Мәскеу полиграф. ин-тын бітірген (1975). 1965 -69 ж. мектепте мұғалім. 1968 -72 ж. Бат. Сібірде, Кавказда әскери тілші. 1972 -74 ж. Қарағанды телерадио к-тінде редактор. 1974 -82 ж. «Ленинская смена» (қазіргі «Экспресс-К») газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, 1982 -84 ж. «Қазақстан» баспасының бас редакторының орынбасары, бас редакторы, 1984 -88 ж. Қазақстан Компартиясы ОК-нің нұсқаушысы, 1988-90 ж. «Ғылым» баспасының бас редакторы, 1990 -2003 ж. «Ғылым» баспа-полиграфия бірлестігінің бас редакторы, директоры, қызметтерін атқарған. Қазір «Столичное образование» журналының бас редакторы, «Ғалым» баспасының директоры. Онға жуық жыр жинақтары жарық көрген. Шалкиіз жыраудың жырларын, Ғ.Мұстафин мен С.Имашевтің публицистик. шығармаларын орыс тіліне аударған.