БАЙКӨКШЕ Балғынбайұлы (1813 -1892) -ақын, шежіреші. Абайдың әкесі Құнанбаймен замандас. Абай жастайынан Б-ні ерекше қадір тұтып,»Байкөке» деп атап кеткен. Жас алшақтығына қарамастан, Б. де Абайдықатты құрметтеп, әрдайым жанынан табылып отырған. Құнанбай қажы бақиға озғанда, көңіл айта келген Б.: «Құнан кетті -алдынан жарылқасын, Артында алтын қалды ат басындай…» деп ұлы Абайға үлкен баға беруі екі ақын арасындағы жақсы сыйластықты айқындайды. Бұрын жиын-той, алқалы астарда шежіреші ақынның «Әнет баба»,»Мамай батыр»,»Тоқтамыс батыр», «Кеңгірбай би», «Қараменде би», «Көбей би»,»Тобышық торы», т.б. тарихи дастан-жырлары жиі айтылғанымен. Б-нің ел аузында жатталып жеткен бай мұрасы жинақталған не жүйеленіп жарық көрмеген.