БАЙЖАНОВ Сапар, (19.11.1929. Жамбыл обл. Жамбыл ауд. Шайқорықа. -4.5.1999. Алматы) -жазушы. ғалым. филол. ғыл. канд. (1974). Қазақстанның еңб. сің. мәдениет қызметкері (1995). ҚазҰУ-ды бітірген (1952). 1950 -58 ж. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде әдебиқызметкер, бөліммеңгерушісі,бас редактордың орынбасары, 1958-65 ж. «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») журналының жауапты хатшысы, редактордың орынбасары,бас редактор. 1965 -73 ж. Қазақстан КП ОК-нде жауаптықызметкер. 1973 -83 ж. «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің бас редакторы, 1983 -94 ж. Қазақстанның Бас мұрағат басқармасының бастығықызметтерін атқарған. Қазақстан Жазушылар одағы сыйл. лауреаты (1989),»Халықтар достығы»,»Кұрмет белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.