БАЗАР ЖЫРАУ Оңдасұлы. Балқы Базар (1842. қазіргі Қызылорда обл. Қармақшы ауд. -1911, Өзбекстан,Тамды ауд. Жалпақтауа.)-жырау,төкпеақын. Руышөмекей ішіндегі Балқы,сондықган ел арасында Балқы Базар атанып кеткен. Болашақ жырау әкесінен ерте жетім қалып,есейгенше нағашысы Өтемістің қолында тәрбиеленеді. Тоғыз жасында Тәспен би оны өз қолына алады. Тәспен бидің ауылына сол кездегі Сыр бойы, Арқа өңіріне белгілі жыраулар жиі келіп,апталап-айлап жатады екен. Бұл Базардың жыраулық жолға түсуіне бірден-бір себеп болады. Б. ж. 15 -16 жасында «бала жырау» атанады. 1858 ж. Тәспен би Қызылқұмдағы игі жақсыларды шақырып, ұлан-асыр той жасап, Базардың астына жүйрік ат мінгізіп,үстіне шапан жауып, жыраулық жолына сәт сапар тілейді. Базар осы кезден бастап Ор төңірегін, Ырғыз, Сыр бойы, Қызылқұмды, Үргеніш,Хиуа жағын жырау ретінде аралайды. Осы төңіректе кеңінен жайылған Ноғайлы дәуірінің қиссаларымен танысып, оларды жаттап,халықарасында жырлайды. Хорезм
төңірегінде болған кездерінде Орта Азияжұртшылығы арасында кеңінен мәлім дастандарды («Көрұғлы», «Жүсіп -Ахмет». т.б.) қазақ тілінде, өзінше жырлап. Сыр бойына таратады. Сонымен қатар шығыс аңыздарының ізімен «Әминә қыз». «Айна -тарақ» шағын дастанда-рын шығарады. 1907 ж. Б. ж. Қазан қ-нан тасқа басылып шыққан «Айман -Шолпан» жырын жаңартып,»Қыз Жібек» жырынадакөп өзгеріс енгізіп,жырлайды. «Әр кемелге -бір зауал», «Тіршіліктің түрлері»,»Керқұлан», «Кермиық», т.б. іргелі толғаулары бар. Сонымен қатар Лұқпан хакім, Қорқыт бабалардың да өнегелі сөздерін қажет жерінде жырға қосып отырған. Сыр бойында тараған ортақ әуенді өз даусына лайықтап, өлеңінің ырғағына орайөңдеп, өзгертіп қолданған. Жырау қартайған шағындақұрдасы әрі туысы Нұрымбеттің Төремұрат деген оқыған баласына ауызша айтып отырып, көп толғау-жырларын, дастандарын хатқа түсірткен. Жыраудың өз айтуымен хатқа түскен 15 мың жолға жуық өлең-жырлары, 5 дастаны сақталған. Б. ж-дың өлеңдері 20 ғ-да ғана баспа бетін көре бастады. «Терме» (Ташкент, 1925), «Қазақтың әдебиетнұсқалары»(1931), «Қасиетті Қармақшым» (2003),»Ғасырлар толқыны» (2004) жинақтарына енген. Оның шығармаларына С.Сейфуллин, М.Жұмабаев. т.б. жоғары баға беріп, Бұхар жырау мен Махамбеттен кейінгі толғау алыбы деп таныған. Жырау шығармаларын жинауға ӘДиваев, С.Сейфуллин, Ә.Марғұлан. Ә.Қайнарбаев,т.б. үлкен еңбек сіңірді. Б. ж-дың ұрпақтары Өзбекстандағы Тамды ауд-ның «Жаңа шаруа» а-нда тұрады.