БАЗАРБАЕВ Мүсілім (15.5.1927. Қызылорда обл. Сырдария ауд. Кекірелі а. -9.11.1995. Алматы) -ғалым. мемлекет. қоғам қайраткері, филол. ғыл. докт. (1974). проф. (1982). ҚазҰУ-ды (1948). КОКПОК жанындағы қоғамдық ғылымдар академиясын бітірген (1956). 1948 -51 ж. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш»), 1952 -56 ж. Қазақстан КП ОК-нде нұсқаушы, 1956-70 ж. Әдебиет және өнер ин-ты директорының орынбасары, директоры, 1970 -81 ж. ҚР Мәдениет министрі, Сыртқы істер министрі, 1981 -88 ж. Әдебиет және өнер ин-тының директоры, жетекші ғыл. қызметкері, 1988 -95 ж. бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. 3 томдық «Қазақ әдебиетінің тарихы» (1960 -67, 1968 -79,орыс тілінде), «20-30-жылдардағы қазақ әдебиеті» (1998) ұжымдық монографияларын құрастыруға жетекшілік жасады. «Қазақ совет әдебиеті»,10-сынып(1954 -85),»Қазақәдебиеті», 11-сынып (1989 -94) атты орта мектептерге арналған оқулықтардың авторларының бірі. Б. орыс жазушысы И.С. Тургеневтің «Ася», » Бекет үй», «Алғашқы махаббат»,»Көктемгі тасқын» повестерін қазақ тіліне аударды. Екі рет Қызыл Ту орденімен марапатталған.