БАҒАЕВ Ұзақ (16.10.1930, Алматы обл. Райымбек ауд. Алғабаса. -28.7.1973. Алматы) -жазушы,журналист. Қазақстанныңеңб. сің. мәдениет қызметкері (1969). ҚазҰУ-ды бітірген (1952). 1952 -62 ж. «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің әдеби қызметкері, бөлім меңгерушісі,1962 -68 ж. Қызылорда обл. «Ленин жолы» (қазіргі «Сыр бойы»), Талдықорған обл. «Октябрь туы» (қазіргі «Жерұйық») газеттерінің редакторы, 1969 жылдан өмірінің соңынадейін «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің редакторы болған. Ұзақ жылдар бойы Қазақстан Журналистер одағының төрағасы міндетін атқарған. Алғашқы туындысы «Халық бастамасы -қайнар бұлақ» 1961 ж. жарық көрді. «Дала жұлдыздары» (1970),»Жансұлулығы»(1975)публицистикалық мақалалар мен очерктер жинақтарының авторы. «Орыс халқының мақал-мәтелдерін» (1971) қазақ тіліне аударған. «Еңбек Қызыл Ту»,»Құрмет белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған. КСРО Журналистер Одағы сыйл. лауреаты (1973), Алматы обл. Райымбек ауд-ндағы Алғабас а-нда Б. атынд. мектеп, көше бар және мұражай үйі ашылған. Жыл сайын еліміздің үздік деп танылған журналистеріне Бағаев атынд. арнаулы жүлде беріледі