БАҒАЕВ Ерұлан Ұзақұлы (3.6.1954. Алматы -12.9.2002. сонда) -ақын. ҚазҰУ-ды бітірген (1976). Алма-ты обл. Кеген ауд. «Коммунизм нұры» газетінде тілші. Қазақстан ЛКСМ Кеген ауд. комсомол к-тінің нұсқаушысы (1976 -79),»Жазушы»баспасында редактор, 1979 -1986 ж. Алматыдағы Советауд. комсомол к-тінің бірінші хатшысы. Совет ауд. партия к-тінде нұсқаушы,1986-93 ж. «Қазақстан» баспасында редактор,»Ғылым» баспасының бас редакторы. Қазақстан Жазушылар одағының Көркем әдебиетгі насихат-тау бюросы директорының орынбасары. 1993 -95 ж. «Фармация» мемл. холдинг компаниясының референті. «Әлемрекламасервиз» кәсіпорнының бас менеджері,1995-97 ж. ҚазТАГ-тың Қостанай обл. бойынша меншікті тілшісі қызметтерін атқарды. «Тұңғыш дәптер» (1974),»Таңсәрі» (1977), «Жиырмабес»(1982),»Жүрегімнің жүз жібі» (1996),»Саумал дала»,т.б. жыр жинақтарының авторы. Л.Любимовтың «Батыс Европа өнері», Ю.Кузнецовтың» Кемелшақ» (1986),М.Алиевтің «Қанат» (1986) кітаптарын қазақ тіліне аударған.