БАБЫРНАМА

«БАБЫРНАМА»,»Бабурнаме», » Бобирнома» -тарихи-әдеби шығарма, Орт. Азия халықгарына ортақ мұра. Авторы -Ұлы моғолдар империясының (1526 -58) негізін қалаған Әмір Темір әулетінің ұрпағы Захир әд-Дин Мұхаммед Бабыр. «Б» түркі (шағатай) тілінде 1526 -30 ж. жазылған. Кітап -Темір әулеті құрған феод. мемлекеттің қоғамдық құрылымын, әдет-ғұрпын, салт-санасын және топонимикасын зерттейтін тарихшы, этнограф, географтар үшін және орта ғасырларда түркі тілінде жазылған әдеби, әрі ғыл. шығармаларды зерттеумен айналысатын әдебиетшілер мен тіл зерттеу мамандарына қажетті құндыеңбек. Шығармада 15 -16 ғ-лардағы Ферғана, Хиндустан аймағындағы (бүгінгі Орт. Азия, Ауғанстан, Үндістан) елдердің, халықтарының тарихы, Әмір Темір әулеті мен Мұхаммед Шайбани арасындағы Моғолстандағы тақ таласы, билік және жер үшін жүргізілген соғыстар егжей-тегжейлі айтылады. Бабыр бұл өлкелердің, әсіресе, Ферғана мен Кабул, Солт. Үндістанның шаруашылығына, байлығына, халықтардың әдет-ғұрпына ерекше тоқталады. Үлкенді-кішілі қалалардың (Ақсикент, Кабул, Шаш, Бұхара,т.б.)салынуы, қирауы, бекінісі,архитектурасы, Сырдария, Жетісу бойындағы елді мекендер жайында жазылады. Мәселен, ортағасырлық Алмалық (Жаркент түбінде), Алмату (Алматы), Янги (Тараз) қалаларына тоқталып, бұлар моңғолдар мен Шайбани әулеті билеушілерінің (өзбектерінің) кесірінен қирағаны айтылады. Бұл қалалар маңындағы бау-бақша, түрлі жемістер, Орт. Азия мен Үндістан тауындағы жан-жануардың ондаған түрлері де баяндалады. Бабыр өз естелігінде белгілі оқиға, адам мінезіне және махаббатқа арналған өлеңдерін де келтіріп, кейде дүние танымындағы көзқарастарын да білдіреді. Мұнда «Тарих-и Рашидидің» авторы жетісулық Мұхаммед Хайдар Дулати туралы да дерек бар. Бабыр дүние салысымен шығарма парсы тіліне (ауд. Абдул-Рахым), оданағылшын тіліне (ауд. Валдингтон) аударылды. Шығарманың қолжазбасын Н.И. Ильминский орыс тіліне аударып, 1857 ж. Қазан қ-нда, ал А.С. Беверидже Лондонда 1905 ж. Лондонда бастырып шығарды. «Б.» ағылшын (1826. 1921),француз (1871),орыс (1943.1958. «Бабирнаме», Ташкент), өзбек (1960. «Бобирнома», Ташкент),қазақ (1990. 1993. Алматы) тілдерінде жарық көрді.» Б-ның 460 жылдығы халықар. деңгейде тойланып, «Бабырнама және Шығыс ренессансы» деген тақырыпта ғыл.-теориялық конференция өтті (1990. 22-26қазан.Таш.).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *