«БАБАЛАР СӨЗІ»-ғылыми басылым, қазақ фольклорының жүз томдық жинағы. 2004 ж. Әдебиет және өнер ин-ты ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев ұсынған «Мәдени мұра» мемл. бағдарламасы шеңберінде «Б. с.» ғыл. басылымын дайындап шығаруды қолға алды. Жүз томдық жинақтың басты мақсаты -қазақ халқының бай ауыз әдебиеті мұраларын, Орт. ғыл. кітапхана мен Әдебиет және өнер ин-тының қол-жазба қорларында сақталған құнды фольклорлық шығармаларды түгел жарыққа шығару. Әр томдағы шығармалар жанрлары бойынша топтастырылған. 2004 ж. басылымның 7 томы жарық көрді.