БАБАЖАНҰЛЫ Бауыржан (1969 жт., Қарақалпақстан Респ. Қоңырат ауд.) -ақын. ҚазҰУ-ды бітірген (1995). Әдебиет және өнер ин-нда кіші ғыл. қызметкер, «Жалын» журналында, «Ана тілі» газетінде бөлім меңгерушісі, «Алтын Орда» газетінде бас редактордың орынбасары, Ақтөбе обл. «Ақтөбе» газетінің бас редакторы, ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт мин. департаментінің қызметкері болып жұмыс істеген. Казір «Ақтөбе» газетінің бас редакторы. Алғашқы өлеңдері «Толқыннан толқын туады», «Жас ақындар антологиясы» жыр жинақтарына енген.. «Аспан мен жердің арасы» жеке жыр жинағы жарық көрген (2001).