ӘУЕЗОВ ҮЙІ. «Әуезов үйі» ғыл.-мәдени орталығы -ұлы жазушы М.Әуезовтің өмірі мен шығарм.
мұрасын көпшілікке таныстыру,насихаттау,зерттеу жұмыстарымен айналысатын ғыл.-мәдени мекеме. Алматы қ-нда жазушының өзі тұрған (1951 -61) үйде (Төлебаев көшесі. 155 үй) орналасқан. 1963 ж. 28 қарашада ашылды. Қазақстан үкіметінің «М.О. Әуезовтіңтуғанына 100 жыл толуы мерейтойына дайындық және оны өткізу туралы» 1993 ж. 19 шілдедегі (No 810) қаулысына сәйкес, 1996 ж. 1 маусым күні мұражай «Әуезов үйі»ғыл.-мәдени орталығы болып қайта құрылды. Орталық негізінен үш бағытта жұмыс жүргізеді: Бірінші бағыты: -жазушының өмірі мен шығарм. мұрасын жинақтау, оны ғыл. жүйеге түсіріп саралау, жариялау және әуезовтану саласы бойынша жарық көрген еңбектерді жинау. Екінші бағыты -мұражайдағы қолжазбалар мен экспонаттарды, кино,фото,дыбыс қорларындағы мқұалардығыл.жүйегетүсіру, көрме ұйымдастыру. Қолжазба қорында 72 мыңнан астам мұрағаттар, сирек кездесетін кітаптар, жазушының күнделіктері мен жолжазбалары, архивтерден жинаған құнды деректері, жеке басы құжаттары. т.б. бар. Үшінші бағыты — М.Әуезовтің азаматтық,шығарм. құқығын қорғау. Осы шаралар негізінде М.Әуезовтің 12 томдық (1967 -69) және 20 томдық (1979-85) шығармалар жинақгарын бастырып шығарды. 1997 ж. 50 томдық жинағын дайындау қолға алынып, 2005 жылға дейін 18 томы басылып шықты. Орталық орналасқан мұражай үйі екі қабаттан. 8 бөлмеден тұрады. Көрменің негізгі мақсаты -ұлы тұлға ғұмырына қатысты заттар, құжаттар,суреттер арқылы жазушының тағдырын,шығарм. мұратын терең де әсерлі ұғынуға жәрдемдесу. Онда қойылған экспонатгар М.Әуезовтің туған. өскен ортасы, жазушылық жолы, қоғамдық қызметі, «Алаш» қозғалысы, кеңестік жазалау саясаты тұсындағы көрсетілген қысымдар 1930 -32 ж. түрмедегі өмірі, шетел сапарлары туралы жан-жақты мағлұмат береді. Салтанат ғимаратында жазушының өзі туралы деректі фильмдермен қоса,оның шығармалары бойынша түсірілген «Абай әндері», «Райхан», «Асудағы атыс». «Көксерек» көркем суретті фильмдері, замандастарының жазушы туралы айтқан естеліктерінің бейнетаспалары көрсетіледі. Жазушының өзінің дауысы жазылған таспалар мен күйтабақтар бар. Орталықта мекемелер мен жоғары оқу орындарына, мектептерге апарып таныстыруға арналған тақырыптық көшпелі көрме жұмыс істейді. Қайта қалпына келтіру шеберханасы мен ғыл. жұмыспен айналысушыларға қызмет көрсететін компьютерлік бөлім бар.