ӘУЕЗОВ Мұхтар Омарханұлы (28.9.1897. Шығ. Қазақстан обл. Абай ауд. -27.6.1961. Мәскеу, Алматыда жерленген) -ұлы жазушы,қоғам қайраткері,ғалым,Қазақстан ҒА-ның акад. (1946),филол. ғыл. докт., проф. (1946). Қазақстанның еңб. сің. ғыл. қайраткері (1957). Әкесі Омархан мен атасы Әуез сауатты адамдар болған. Алты жасында атасының үйретуімен Абайдың өлеңдерін жаттап, оны ұлыақынның өзіне айтып берген. 1908 ж. Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып,одан орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. 1910 ж. Семей қалалық бес сыныптық қазына уч-щесіне түсіп. осы уч-щеніңсоңғы сыныбын оқып жүргенде «Дауыл» атты алғашқы шығармасын жазады. Уч-щені 1915 ж.аяқтап, Семей қалалық мұғалімдер семинариясына түседі. Семинарияны оқып жүріп,Шәкерім Құдайбердіұлының «Жолсыз жаза» дастанының негізінде»Еңлік -Кебек» пьесасын жазып,оны 1917 ж. Ойқұдық деген жерде Абайдың қызы Кенже мен
Әйгерімнің тіркестіріп тіккен киіз үйінде сахнаға шығарған. Алғашқы әңгімесі «Қорғансыздыңкүні» 1921 ж.жарияланған.Ә. Семейде «Алаш жастары»одағын құрып, түрлі үиірмелердің ашылуына ұйытқы болды. Ж.Аймауытовпен бірігіп жазған «Қазақтың өзгеше мінездері» аталатын алғашқы мақаласы 1917 ж «Алаш» газетінде басылған. Бұдан кейін «Сарыарқа» газетінде «Адамдық негізі -әйел», «Оқудағы құрбыларыма», «Қайсысын қолданамыз?» деген мақалаларын жариялаған. Ә. Семейде «Абай» ғыл.-көпшілік журналын (Аймауытовпен бірге) шығарып, «Ғылым», «Будда», «Абайдың өнері һәм қызметі», «Қазақ ішіндегі партия неден?», «Мәдениетке қай кәсіп жуық», «Философия жайынан», «Абайдан соңғы ақындар», «Ғылым тіпі», «Қазақ әйелі» Қазақ қашан жетіледі», «Мәдениет һәм ұлт», «Өліптаусылуқаупі»,»Оқуісі»мақалаларын жариялаған. Ә.1919 ж. Семейгубревкомыныңжанынанашылған қазақ бөлімінің қызметкері, 1920 ж. бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. «Қазақтілі» газетінің ресми шығарушысы болып тағайындалған. 1920 -21 ж. Семей обл. атқару к-ті қазақ бөлімінің және обл. соттың меңгерушісі міндетінатқарған. Семейдің «Ес-аймақ» ойын-сауық үйірмесі Ә-тің «Ел ағасы», «Бәйбіше-тоқал» пьесаларын халық театрының сахнасына қойған. Мақалалары «Қазақ тілі» газетінде үзбей жарияланып тұрған. 1922 ж. «Қорғансыздың күні » мен «Еңлік-Кебек» жеке кітап болып Орынбордан жарықкөрген. 1922 ж. Ташкент қ-ндағы Орта Азия мемл. ун-тіне тыңдаушы болып оқуға түседі әрі «Шолпан» және «Сана» журналдарының алқа мүшесі болып жұмысқа орналасқан. Онда жүргенде бірыңғай шығарм-пен айналысып, осы басылымдарда «Қыр суреттері», «Қыр әңгімелері», «Үйлену», «Оқыған азамат», «Кім кінәлі», «Заман еркесі» («Сөніп жану») әңгімелері жарияланған. 1923 ж. Ленинград мемл. ун-тіне оқуға ауысқан. Қазақ АКСР Оқу-ағарту комиссариаты-ның арнайы өкілдігімен 1924 -25 ж. Семей қ-ндағы мұғалімдер техникумына оқытушылыққа қалдырылған. Сонда жүріп «Таң» журналын шығарған. Онда»Кінәмшіл бойжеткен», «Қаралы сұлу», «Ескілік көлеңкесінде»,»Жуандық»әңгімелеріжарияланған. Сол жылдары жазылған «Сұғанақсұр» повесінің қолжазбасы жоғалып кеткен. 1926 ж. Семейге арнайы ғыл. экспедиция ұйымдастырып, ауыз әдебиеті мұраларын жинайды. Сол жылы «Қарагөз» пьесасын жазған. Ғыл. экспедицияның материалдары негізінде жазылған «Әдебиет тарихы» монографиясы 1927 ж. кітап болып шыққан. 1927 ж. Жетісу өңіріне ғыл.-шығарм. сапармен келіп, І.Жансүгіровпен бірге ел аралап, болашақ шығармаларына материал жинап, сол материалдар негізінде «Қараш-Қараш оқиғасы» (1927) повесін,»Қилызаман» (1928) романын, «Хан Кене» (1928) пьесасын жазған. 1928 ж. Ташкенттегі Орта Азия мемл. ун-тінің аспирантурасына қабылданған әрі Қазақ ағарту ин-тындасабақберген. Аспирантурада оқып жүріп, жаз айында қырғыз елін аралап,» Манас» жырын зерттеп, ел аузынан дастанның үзінділерін жазып алған. 1927-29 ж. Абай қолжазбаларының екі томдық толық жинағын баспаға әзірлеген. 1929 -30 ж. қазақ зиялыларын жазалау саясаты басталып, А..Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, М.Тынышбаев, Х.Ғаббасов, Х.Досмұхамедов, Е.Омаров, Ж.Досмұхамедов, т.б. Алаш қозғалысының көсемдері түрмеге қамалады. 1930 ж. 16 кыркүйек күні Ә. де тұтқындалады. Тергеу екі жылғасозылып, 1932 ж. сәуірайында үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылады. Ә. өзінің қазақ әдебиетінің тарихы және Абай туралы зерттеулерінен, «Қарагөз», «Еңлік-Кебек», «Хан Кене», «Қилы заман» сияқты шығармаларынан бас тартатынын мәлімдеуге мәжбүр болады. Ә. осы жылы түрмеден босатылып, Қазақа. ш. ин-тына оқытушы, Қазақ драматеатрының бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. Қыркүйекайынан Қазақпед.ин-тының(қазіргі ҚазҰПУ) аға оқытушысы, проф. міндетін атқарушы болып қызмет істеген. «Октябрь үшін» (1932), «Ай-ман -Шолпан» (1933),»Тартыс (1933), «Түнгі сарын» (1934),»Тас түлек» (1935),»Ақан -Зайра» (1935),»Алмабағында» (1937),»Шекарада» (1937), «Ақ қайың» (1938),»Бекет» (1938),»Қалқаман -Мамыр» (1938), «Абай» (1940) пьесаларын жазады. Орыс жазушылары В.Пруттың «Жойқын князь Мстислав» (1933). Н.В. Гогольдің «Ревизор»( 1936),А.Афиногеновтың «Қорқыныш» (1934),Н.Погодиннің «Ақсүйектер» (1936),К.Треневтің «Любовь Яровая» (1937),ағылшын драматургі Шекспирдің «Отелло» (1938) пьесаларын, «Асауға тұсау» (1943) комедиясын,орыс жазушысы Л.Толстойдың «Булька» (1936),»Тойтарқар» (1938),ағылшын жазушысы Дж. Лондонның «Қасқыр» («Ақ азу»,1936) әңгімелерін қазақ тіліне аударған. «Білекке білек» (1934), «Үш күн» (1934), «Қасеннің құбылыстары» (1934),»Іздер» (1935),»Шатқалаң» (1935),»Құм мен Асқар» (1935),»Бүркітші» (1937) әңгімелері
жарияланып, «Тастүлек» (1935),»Ескілік көлеңкесінде» (1935),»Қараш-Қараш» (1936) әңгімелер жинағы жарық көрген. Ә. сценарийі бойынша «Райхан» көркем фильмі түсірілген (1940). Л.Соболевпен бірігіп «Дала жыры» аталатын жинақ құрастырып,оған алғы сөз жазған (1940). Осы жылдары «Абай» романын жазуға кірісіп,оның 1-кітабы 1942 ж.. 2-кітабы 1947 ж. жарық көрген. 1949 ж. «Абай» романы үшін (алғашқы екі кітабына) Ә-ке бірінші дәрежелі Сталиндік сыйл. (кейінгі КСРО Мемл. сыйл.) берілген. 1950 ж. роман-эпопеяның «Ақын аға» аталатын үшінші кітабы жарық көрген. 1943 жылдан Тіл. әдебиет және тарих ғыл.-зерт. ин-тының аға ғыл. қызметкері. кейін ҚазҰУ-дыңқазақ әдебиеті кафедрасына проф. болып орналасып,өмірінің соңына дейін сондадәріс оқыған. Ұлы Отан соғысы жылдарында «Сын сағатта» (1941),»Намыс гвардиясы» (Ә.Әбішевпен бірігіп,1942),»Қынаптан қылыш» (1945) пьесалары мен»Абай» операсының либреттосын (1944),»Абай әндері» фильмінің сценарийін (1945)жазған. 1946 ж. Қазақстан ҒА құрылғанда, оның толық мүшесі (No 1 академик куәлігі беріліп) болып сайланған. филол. ғыл. докт.. проф. атағы беріледі. Ол «Қазақ ССР тарихының» әдебиет тарихы бөлімін жазып,»Қазақсоветәдебиеті тарихын жазуға жетекшілік еткен. 1947 ж. «Төлеген Тоқтаров» операсының либреттосын жазады. 1951 -54 ж. Ә. саяси-идеол. тұрғыдантағы дақыспаққаалынып,оны «ұлтшыл-алашордашыл» ретінде жаппай сынау науқаны басталады. Мерзімді баспасөзде Ә. туралы сыңаржақ сындар мен оны «халық жауы» ретінде әшкерелеген мақалалар басылды. Соған қарамастан,ол 1952 ж. Фрунзе (қазіргі Бішкек) қ-ндағы «Манас» жыры туралы конференцияда сөз сөйлеп, қырғыз халқының ұлы эпосын ақтап алуға зор үлес қосады. Өзі жазғандай, «басын қатерге тіге отырып,ел үшін тәуекелге барады»,1953 ж. қамауға алыну қаупі төнгенде. Мәскеуге жасырын аттанып кетуге мәжбүр болады. Онда А.Фадеев,К.Симонов,В.Кожевников, Н.Тихонов.т.б. орыс жазушылары араша түсіп, Ә-ті жазықсыз жазадан аман алып қалған. 1953 -54 ж. Мәскеу мемл. ун-тінің проф. болыпқызмет істеген. 1954 ж. Алматыға қайтып оралып, «Абай жолы» роман-эпопеясын түпкілікті аяқтаған. Бұл эпикалық шығарма әлем әдебиетіндегі ерекше құбылыс ретінде бағаланады. (қ. «Абай жолы»). 1959 ж. «Абай жолы» романы эпопеясында КСРО-дағы ең жоғарғы сыйлық -Лениндік сыйлық берілді. Ә. 1957 -61 ж. Қазақстан ҒА Тіл және әдебиет ин-тында бөлім меңгерушісі қызметін атқарған. «Бес дос» (1956),»Дос -Бедел дос» (1958), «Алуа», «Асыл нәсілдер» пьесаларын, «Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы» монографиясын (1959),»Өскен өркен» (1960 -61) романын жазған. Ә. 2 мәрте Еңбек Қызыл Ту (1945. 1957),»Құрмет белгісі» (1951),Ленин ордендерімен (1957) марапатталған. Ұлы жазушы кенеттен қайтыс болған соң,оның еңбегін бағалау,есімін қүрметтеу шаралары қолға алынды. 1961 ж. Қазақстан үкіметінің қаулысымен Қазақстан ҒА-ның Әдебиет және өнер ин-на оның есімі берілді,ин-т құрамында ғыл бөлім ретінде Әуезов үйі ашылды (1963). ескерткіштерорнатылды. Қазақ драма театры,Алматы,Астана,Семей және басқа қалалар мен облыстардағы аудан, ауыл,көше,мектептер Ә. есімімен аталады. Ұлы жазушының туғанына 100 жыл толуы ЮНЕСКО шешімімен дүниежүзілік деңгейде аталып өтті (1997). ЮНЕСКО-ның Париждегі штаб пәтерінде Ә. шығарм-ғына арналған халықар. конференция өтті. Қазақ теледидары ұлы жазушы шығарм-ғына арналған 12 сериялы телехабар түсірді. Әдебиеттану ғылымында үлы жазушының әдеби және ғыл. мұраларын. өмір жолын зерттейтін Әуезовтану саласы жеке ғыл. пән ретінде қалыптасты.